Бір әйел қаладағы үлкен дүкендердің бірінде немересін ертіп жүрген қарт адамның артына келіп кезекке тұрыпты. Қарттың немересі еркелігі шектен шыққан біреу екен. Ол қолына түр-түрімен дәмді тәттілерді ұстап тұрса да айғайлап-бұраңдап, тағы да бірдеңе-бірдеңелерді алып бер деп сұрай береді, ал қария: «Қожажан, тыныштал, тыныштал, енді, аздап шыдамды бол … Жақсы бала ғой!»,-деп қояды. Сонда да немересі төзім тауысарлықтай шырылдап, тағы біірдемелерді алып бер деп бақырып жылай бастапты.
Қария: «Жақсы, Қожатай, бір-екі минуттай, содан кейін біз үйге қайтамыз, тек шыда», – дей береді…
Ал кассаға келе салысымен, әлгі кішкентай пәле долданып бақырып, арбадағы заттарды лақтыра бастапты.
Қария сонда да байсалды түрде: «Қожа, Қожа, тыныштал, тыныштал, жай ғана тыныштал, ештеңе болмайды. Енді бес-ақ минут қана, содан кейін үйге барып қоямыз. Сабыр етші? »,-дей береді екен.
Бәрін көріп тұрған келіншек қарияның мына қылығына бірталай ренжіп тұрады.
Сосын әйел өзінің аларын алып дүкеннен шығып, көлікке отырғалы тұрған әлгі екеуіне тағы кезігіп қалыпты.
Әйел шыдай алмай қарияға:
– Кешіріңіз. Бұл менің ісім емес, бірақ сіздің керемет сабырлы, өзіңізді ұстай білетін адам екеніңізді айтқым келеді. Немереңіз заттарды лақтырып, төзуге болмайтын жаман істер жасап жатқан кезде де сабыры болдыңыз», – депті де, немересіне қарап: -Қожа! Сен өте бақытты баласың. Осындай жақсы атаң бар,-деп айтып кетуге бұрылғанда, әлгі қария:
– Рақмет, бірақ Қожа деген – менің атым. Ал бұл боқмұрын Марат деп аталады дегенде әйел аң-таң болып, ештеңе айта алмады, тек ғана «адамның өзіммен жұмыс істеуі деп осындайды айтатын болуы керек, бұл да бір өте жақсы мысал екен»,- деп ойлапты.
Амантай ТОЙШЫБАЙҰЛЫ
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!