Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Dalatex» – танымалдығы күн сайын артып жатқан кәсіпорын

06.10.2021, 12:45 438

HALYQLINE.KZ Бүгінде Сыр өңірінде жеке кәсіппен айналысуға ниетті адамдар қатары артуда. Алайда, бизнес-жоспарын бекіткен соң, кәсіп бастау жолында бастапқы қаражат көзін іздеуге тура келеді. Екінші деңгейлі банктер мен басқа да қаржылық институттардың талабы, кепілзат көлемі мен пайыздық мөлшерлеме көп жағдайда жеке кәсіп бастауды кейінге шегере береді.

Мінеки, осындай мәселелердің шешімін «Қызылорда өңірлік инвестициялық орталығы» микроқаржы ұйымының қызметіне жүгіну арқылы табуға болады. Бүгінде бұл орталық арқылы бизнес жобаларын жүзеге асырып, кәсіп ашқан адамдар қатары артпаса, кеміген емес. Сондай кәсіпкерлердің бірі – Абизов Ділмұхамед Мнуарбекұлы. Ол кісі 2016 жылы аталған микроқаржы ұйымының қолдауына ие болып, «Dalatex» деген атаумен өзінің жеке тігін цехын ашқан. «DALATEX» ЖШС бүгінгі таңда Сыр өңірінде ерлер жейдесін тігумен айналысатын отандық компаниялардың қатарында.

Жұмыс істей бастағанына көп болмаса да, қазіргі таңда серіктестіктің танымалдығы күн санап артуда. Бүгінгі күннің өзінде айына 11 мың дана ерлер киімін тігетін кәсіпорын 40 адамды жұмыспен қамтып отыр. Сатып алушыларға ыңғайлы болу үшін еліміздің басқа да өңірлерінен сауда қоймаларын ашу жоспарланған. Бүгінде кәсіпкер ресейлік әріптестерімен ынтымақтастық орнатып отыр. «DALATEX» өнімдері өз елімізбен бірге көрші Ресей мемлекетінде де сатылымға шықты.

Сонымен қатар, аталған компания 2018 жылы Астана қаласында өткізілген «Қазақстанның үздік тауары – 2018» республикалық көрме-конкурсында «Халыққа арналған үздік тауарлар» номинациясы бойынша жеңімпаз атанды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: