Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Түрленген Түркістанды тамашалады

04.10.2021, 11:45 556

HALYQLINE.KZ Сенбі күні қазалылық бір топ ардагерлер тағы да Түркістан қаласына жол тартты. Аудан әкімі Мұхтар Оразбаевтың қолдауымен үшінші рет ұйымдастырылған сапарда ардагерлер жаңарып, түрленген түркі әлемінің рухани астанасын аралады.

Аудан ардагерлері алғашқы саяхатты Түркістан қаласының «Сапар орталығынан» бастап, Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне зиярат етті.

Содан кейін санғасырлық тарихы бар Түркістан өлкесінің өткені мен бүгіні туралы шежіре шертетін «Ұлы дала елі» орталығы, «Әл-Фараби» кітапханасы мен «Алтын Самұрық» ғимараты ішіндегі ұшатын театрды тамашалады.

Сондай-ақ «Керуен сарай» кешеніне саяхат жасады. Түркістанның жаңарған келбетін алғаш рет көруге келген қазалылық ардагерлер және ардақты аналар аз уақыт ішінде рухани астананың жаңарып, түрлі зәулім ғимараттардың бой көтеріп, адам танымастай өзгергенін айтып, ерекше әсерге бөленгендерін жеткізді. Түрленген Түркістан сапарын ұйымдастырған аудан әкімдігіне алғыстарын білдірді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: