Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Президенттер де ойнайды…

21.03.2020, 10:02 639

Спорт деген сиқырлы әлемнің арбауына түспеген адам жоқ шығар. Сол қатарда әлемдік деңгейдегі қайраткерлер мен мемлекет басшылары да спортқа деген қызығушылығын жасырмайды. Назарларыңызға prosports.kz сайты келтірген мәліметтерге сүйене отырып, әлемдегі әр елдің көшбасшылары қызығатын әрі айналысатын спорт түрлерін ұсынамыз.

Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев үлкен теннис пен тау шаңғысы спортына басымдық бергені жасырын емес. Ал, еліміздің қазіргі басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың үстел теннисін жақсы ойнайтынын өткен жолы желіге тарап кеткен видеодан байқадық.

Беларусь президенті Александр Лукашенко бір емес, бірнеше спорт түрін жақсы көреді екен. Ол хоккей, теннис, шаңғы жарысы және велоспортпен айналысады.

Ресей басшысы Владимир Путин дзюдо спортын жақсы меңгерген. Одан бөлек, хоккейге деген қызығушылығы да орасан зор. Мұны ол көп жерде ашық байқатып жүр.

АҚШ президенті Дональд Трамп орта мектепте бейсбол және футболмен айналысқан. Ал қазір қызығушылығы гольфқа ауысқан.

Франция лидері Эммануэль Макрон демалыс кезінде үлкен теннис ойнайды екен.

Жапония премьер-министрі Синдзо Абэ де Трамп секілді үлкен теннис ойнағанды ұнатады.

Германия канцлері Ангела Меркель бұрын шаңғы тебуді жақсы көрсе, қазір скандиналық серуенге қызығушылық танытатын көрінеді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: