Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Онлайн сабақтың оңтайлы тұсы бар

17.03.2020, 15:16 726

Азаматтық қорғау күніне орай Су айдындарында қайғылы жағдайлардың алдын алу және қауіпсіздік ережелерін түсіндіру мақсатында Қызылорда облысы төтенше жағдайлар департаменті және Апаттар медициналық орталығының қатусымен аймаағы 191 білім беру ошақғынан 4095 оқушы 206 мұғаліммен бейнебайланыс орнатылды.

Аталмыш интерактивті сабақтардың құтқарушылармен өткізілуі бірінші рет емес, бұл Төтеншеліктердің үйреншікті тәжірибегесіне айналды. Мұнда сала мамандары мектеп оқушыларына «Судағы қауіпсіздік», «Өрт қауіпсіздігі» мен «Алғашқы медициналық, психологиялық көмек» тақырыптарында дәріс оқып, қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға шақырды.

Қызылорда облысы білім басқармасының «Дарын» ғылыми практикалық орталығында Апаттар медициналық орталығы филиалының бөлім басшысы-дәрігер Нұрбол Сауытбаев және филиал психологы Жазира Досаева Жедел құтқару жасағының медбике-құтқарушысы Жанат Сатыбалдиева су айдынында зардап шегушіге алғашқы дәрігерлікке дейінгі көмек көрсету тақырыбы бойынша дәріс оқыды.

Сонымен қатар, олар судағы қауіпсіздік ережесін, төтенше жағдайлардың алдын алу, және су айдынында зардап шегушіні құтқару тәсілдерімен таныстырды. Онлайн режимде өткен интерактивті сабақ слайд және бейнероликтерді көрсете отырып өткізілді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: