Токиода өтіп жатқан төртылжылдықтың басты бәсекесінде теннисші Елена Рыбакина қоладан қағылды.
Жартылай финалда Белинда Бенчичтен айласын асыра алмаған отандасымыз қола үшін талас кезінде украиналық Элина Свитолинаға жол берді.
Ойын үш сетке созылды. Әлемнің 15-ші ракеткасы Рыбакина алғашы сетте қарсыласына мүмкіндік қалдырмай 6:1 есебімен жеңсе, ойынның екінші жартысында 6:7 есебімен есе жіберді. Шешуші сет шиеленіске толы болды. Нәтижесінде, жерлесіміз 4:6 есебімен жеңілді. Қорытынды есеп украиналықтың пайдасына 1:2 есебімен аяқталды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!