Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қазақстанда коронавирус жұқтырған үшінші адам тіркелді

13.03.2020, 17:38 457

Көрнекі сурет

Қазақстанда COVID-19 вирусын жұқтырған үшінші адам анықталды. Ол Италиядан Нұр-Cұлтан қаласына ұшып келген. Науқас борттан бірден карантинге жіберілген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

«Келіншекпен бірге бортта 90 жолаушы болған. Байланысқан адамдарды анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Олардан сынама алынады», – деді денсаулық сақтау министрі.

Еске салайық, 13 наурызда Нұр-Сұлтанда өткен Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов елімізде алғаш рет COVID-19 вирусы тіркелгенін мәлімдеді. Аталмыш инфекция екі азаматтан анықталған.

Вирус жұқтырғандардың бірі – ер адам, екіншісі әйел екені белгілі болды.

Сондай-ақ елімізде коронавирус жұқтыру фактісі тіркелуіне байланысты «Б» жоспары күшіне енді. Осыған орай, елде халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша барлық қажетті сақтық шаралары басталады.

Ал Денсаулық сақтау министрлігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша тауарлар сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Зекен Ысқақов коронавирусқа қатысты брифингте медициналық мекемелерде коронавирусқа байланысты тапсырған тест нәтижелері 5-6 сағатта анықталатынын мәлімдеді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: