HALYQLINE.KZ Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының тапсырысымен «Ауыл жастарын әлеуметтендіру» әлеуметтік жобасы аясында «Ай-Қанат» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен облыстық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ғимаратында 28-30 маусым күндері NEET санатындағы жастармен жұмысты ұйымдастыруға бағытталған семинар-тренинг өтті.
Білікті маман, «Қазақстанның жастар қызметкерлері» қауымдастығының төрағасы Нұрлыбай Наурызбаев «Жастардың санатын қалай анықтаймыз?», «NEET санатындағы жастарды белсенді ортаға қайта қалай бейімдейміз?» деген сауалдарды қамтып, өз тәжірибесімен бөлісті.
Семинар-тренинг үш күнге жоспарланып, Қызылорда, Байқоңыр қалалары мен өңіріміздегі барлық аудандар мен ауылдық округтердегі жастар ісі жөніндегі мамандары мен ЖРО қызметкерлері (120-ға жуық маман) қатысты. Тренинг барысында қатысушылар спикерлермен кері байланыс жасап, тәжірибе алмасты.
Семинар-тренинг соңында Нұрлыбай Наурызбаев қатысушыларға сәттілік тілеп, арнайы сертификаттарды табыстады.
Аталмыш шаралар «Ауыл жастарын әлеуметтендіру» әлеуметтік жобасы аясында өткізілді.
Қызылорда облыстық жастар ресурстық орталығының баспасөз қызметі
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!