Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Академиктер мен қарапайым миллионер жайлы

30.05.2021, 17:00 518

HALYQLINE.KZ Ғалым ағамыз Асқар Жұмаділдаевтың 50 жасқа толған мерейтойына орай Ғалымдар үйінде жиын өтеді. Жиыннан соң 15-20 адамға арналған дастарқан жайылып Асекеңнің жақын достары жеке қалады. Барлығы дерлік өзі секілді математик, академик, профессорлар болса керек. Араларында бөтені екі-ақ адам: бірі – Асекеңнің таныс филологы, екіншісі – миллионер Бауыржан Оспанов екен.

Математиктердің әңгімесі бөлек. Екеуі оларды бірде түсінсе, бірде түсінбей көп отырады. Жиыны бар, дастарқандағы уақыт бар, 4-5 сағат өтеді. Бауыржан кетпей әлі отыр. Академиктер шетте отырған қара балаға қарайтын емес. Филолог ағамыз «неге кетпей отырсың?» десе, Баукең көліктің кілтін көрсетіп, «осыны беріп кетейін деп едім» дейді. Сосын тағы біраз күтіп, бір пауза бола қалған кезде филолог «мынау жігіт арамыздағы басқа саланың өкілі, бизнесмен бауырымыз екен. Құттықтауға келіпті. Сөз берейікші» деп жалынғандай болып сөз кезегін сұрайды.

Академиктер «ол қайдан жүр?» дегендей жақтырыңқырамай қарап қояды. Баукең қысқа ғана құттықтап, су жаңа көліктің кілтін тапсырып жөнеліпті. Мұндайды Асекең де күтпесе керек, ауызы аңқиып қала беріпті. Неткен қарапайымдылық десейші. Баукең «миллионермін» деп шіренбей, кішілік танытып бален сағат күтіп отырған. Асекең «академикпін» деп шіреніп, ешкімнен қымбат сый күтпеген. Сөйтіп, оған дейін жаяу жүрген академик ағамыз көлікті болыпты. Үлгі алсаң, осы кісілерден ал, қазақ баласы.

Ардабек Солтанбек

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: