Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Декрет қағаздарын онлайн өткізуге болады

13.05.2021, 17:43 948

HALYQLINE.KZ ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Электрондық еңбек биржасы порталында жүктілікке және босануға байланысты табыстан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемдерді проактивті форматта тағайындауға мүмкіндік беретін жаңа функционалды іске қосылды, – деп хабарлайды еңбек ресурстарын дамыту орталығы.

Осы жылдың мамыр айынан бастап ЭЕБ-да Қазақстанның жұмыс берушілері үшін жүктілікке және босануға байланысты әлеуметтік демалыстарды Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесінде тіркеу мүмкіндігі берілді. Осының арқасында демалысқа шыққан қызметкерлерге тиісті әлеуметтік төлемді тағайындауды өтініш берушінің қатысуынсыз проактивті форматта жүзеге асыруға болады. Бұл көрсетілетін қызметті алушыларға осы төлемді алуға өтініш беру үшін халыққа қызмет көрсету орталығына жеке бармауға мүмкіндік береді.

Жүктілікке және босануға байланысты әлеуметтік демалысқа шыққан жұмыскерге төлемді проактивті түрде тағайындау үшін жұмыс беруші жұмыскердің шығу фактісін ЭЕБ порталындағы жеке кабинетте тіркеуі қажет. Деректер Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне жіберіледі, одан сұрау салу бойынша әлеуметтік төлемдер тағайындау үшін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-ға берілетін болады. Бұл ретте, көрсетілетін қызметті алушыға SMS-хабарлама арқылы проактивті форматта әлеуметтік төлем тағайындауға келісімін алу бойынша сұрау түседі, оған үш күн ішінде жауап беру қажет болады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: