HALYQLINE.KZ Бангкок қаласында (Тайланд) пара пауэрлифтингтен өтіп жатқан Әлем кубогында Қазақстан құрама командасы сапында өнер көрсеткен жерлесіміз Станислав Шакиев жеңімпаз атанып, еліміздің әнұранын шырқатты.
Жарыстың бірінші күнінде 54 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен Сыр спортшысы алғашқы алтын медальді жеңіп алды. Токио-2021 Паралимпиада ойындарына лицензия алу үшін Станислав маусым айында Дубай қаласында өтетін халықаралық жарысқа қатысады.
С.Шакиев – ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 2 дүркін Қазақстан жеңімпазы, Қызылорда облысының мүгедектерге арналған спорт клубының спортшысы.
Бапкерлері: облыстың аға жаттықтырушысы Бахытбек Рысбаев және жаттықтырушы Мырзағали Ермаханов. Жалпы жарысқа 9 елден 60-тан аса спортшы қатысып жатыр. Қазақстан намысын бес спортшы қорғауда. Әлем кубогы 8 мамырға дейін жалғасады.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!