Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Президент жаңа Конституцияға қол қойды

05.05.2021, 16:35 418

5 мамырда Қырғызстан президенті Садыр Жапаров халықаралық ұйымдар мен тәуелсіз сарапшылардың өткір сынына ұшыраған Конституцияның жаңа редакциясына қол қойды.

Қол қою рәсіміне Жогорку кеңеш депутаттары, судья корпусының өкілдері, үкімет мүшелері және қоғам қайраткерлері қатысты. Шара басында ОСК төрағасы Нуржан Шайылдабеков 11 сәуірде өткен референдумның қорытындысына тоқталды. Оның сөзіне қарағанда, 3 млн 606 мың сайлаушының 1 млн 322 мыңы немесе 36,6 пайызы референдумға қатысқан. 1 млн 48 мың адам немесе 79,32% жаңа Конституцияны қолдап, дауыс берген.

30 сәуірде орталық сайлау комиссиясы референдум өтті деп есептеледі деген. Сол күні Садыр Жапаров қырғызстандықтарды Конституция күнімен құттықтаған. Президенттің баспасөз қызметі мәлімдеме таратып, жаңа жобада «елдегі маңызды мәселелер ескерілгенін» және онда «халық құндылық ретінде бағалайтын жайттар көрініс табатынын» айтқан.

Былтыр 17 қарашада Жогорку кеңештің ресми сайтында жаңа Конституция бойынша референдум өткізу туралы заң жобасы жарияланды. Оның авторы ретінде 80 депутат көрсетілген.

Артынша конституциялық кеңес құрылып, жобаны толықтырып, ақпан айында Жогорку кеңешке жіберген. Конституцияның жаңа жобасы 11 сәуір күнгі референдумда қабылданды.

Тәуелсіз заңгерлер мен сарапшылар құжат елді авторитаризмге жетелейді деп қауіптеніп, Қырғызстанды одан бас тартуға шақырған.

Еуропа кеңесінің Венеция комиссиясы және ЕҚЫҰ-ның демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросы (БДИПЧ/ЕҚЫҰ) Конституцияның жаңа жобасына байланысты ортақ мәлімдеме жасаған. Мәлімдеме авторларының пікірінше, құжатта тиімді бақылау, билік тепе-теңдігін сақтау механизмі жоқ, бұл биліктің бір адамның қолында шоғырлануына апаруы мүмкін. Сарапшылар сонымен бірге негізгі заңның кейбір тұстары демократия мен заң үстемдігі үшін маңызды болып саналатын билік тармақтарында баланстың сақталуы және жеке бостандықты қорғауға қауіп төндіретінін ескерткен.

Дереккөз: Азаттық радиосы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: