HALYQLINE.KZ «Елімізде өңір әкімдерінің орташа жасы – 55 жас» деп хабарлайды Egemen.kz Ranking.kz-ке сілтеме жасап.
Республика бойынша ең жас әкім Шымкенттің әкімі – Мұрат Әйтенов. Оның жасы 40-қа жақындаған. Ал ең жасы үлкен әкім – Алматы облысын басқаратын Амандық Баталов. Өңір басшысы биыл – 68 жаста.
Қазақстанның 17 аймағының тек біреуін ғана әйел адам басқарады. Ол 56 жастағы Қызылорда облысының әкімі – Гүлшара Әбдіхалықова. Оның аймаққа басшылық еткеніне бір жылдан асты. Өңір басшысы өткен жылдың наурыз айының соңында қызметіне кіріскен еді.
Ал Мұрат Әйтенов қызметіне 38 жасында келді. Оның Шымқалаға басшылық еткеніне – 1,3 жыл болды.
Ал еліміздегі ең жасы үлкен әкім Амандық Баталов Алматы облысын 2014 жылдың 20 тамызынан бастап басқарады. Аталған өңірге басшылық еткеніне шамамен 7 жыл болды. Ол 62 жасында облыс әкімі қызметін қабылдаған.
Қарт әкімдердің қатарында Бердібек Сапарбаев та бар. Ол Жамбыл облысын басқаруға келгенде 67 жаста еді. Оның бұл лауазымда қызмет еткеніне – 1,2 жыл. Қазір әкім 68-де.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!