Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Бюджет қызметкерлерін билік басындағы партияға кіруге мәжбүрлеп жатыр

13.04.2021, 14:54 541

HALYQLINE.KZ Азаттық радиосы өзбек қызметінің редакциясына түскен хабарларға қарағанда, Өзбекстанда бюджет қызметкерлерін Өзбекстан либералды-демократиялық партияға кіруге мәжбүрлеп жатыр. Бұл партия 2016 жылы Шавкат Мирзияевті президенттікке ұсынған.

Зауыт жұмысшылары, банк қызметкерлері, сонымен бірге Ферғана, Навои, Бұхара және Самарқанд облыстарында аудандық және қалалық әкімшілік шенеуніктерінің хабарлауынша, оларды Өзбекстан либерал-демократиялық партияға мүше болуға мәжбүрлеген.

Олардан ай сайын төменгі жалақы көрсеткішінің бір пайызын (шамамен 7 мың сум немесе 0,7 доллар) партия мүшесі ретінде төлеп отыруға келісетіні туралы арыз алған.

Бюджет қызметкерлері ай сайынғы төлемге қарсы шығып жатыр.

Партияның Ташкенттегі кеңсесіндегі бір қызметкер аймақтарда азаматтарды партияға қабылдау жөнінде үгіт-насихат жұмыстары жүріп жатқанын, партия қатарына өту азаматтың еркі екенін айтқан.

Партияға азаматтар қабылдау науқаны басталғаны саяси ұйымның сайтында жарияланды.

– Президент сайлауы қарсаңында, Ферғана облысында азаматтарды партияға мәжбүрлі түрде кіргізіп жатыр. Облыс әкімдігінің қызметкерлеріне аудандарды бөліп берген. Сол кураторлар енді бізді қыспаққа алып жүр. Біз жалған есеп дайындауға мәжбүрміз. Азаматтарды мәжбүрлеуге бола ма? Мұндай әрекет заңға қайшы, – дейді Ферғанадағы бір шенеунік.

1 наурызда Өзбекстанда президент сайлауы қарсаңындағы науқан басталғаны ресми түрде жарияланды. Сайлау биыл қазанда өтеді. Әзірге ешқандай партия сайлауға түсетін үміткерін ұсынған жоқ.

Өзбекстан парламентіндегі бес саяси партияның барлығы үкімет саясатын қолдайды.

Дереккөз: centralasian.org

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: