Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Сегіз жылдың салмағы: Нәлібаевты Қызылорда қалай шығарып салды?

08.04.2021, 12:00 780

Шаһарымызды 8 жыл басқарған 45 жастағы Нұрлыбек Нәлібаев өткен аптада қызметін ауыстырды. Қызылорда қаласының экс-әкімі  ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің Өңірлік даму бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды. Осы тұрғыда, қалалық мәслихаттың актив отырысы өтіп, Н.Машбекұлын шығарып салды. Шараға облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова мен сала басшылары қатысып, елордаға аттанғалы отырған экс-әкімге жылы лебізін білдірді.

– Нұрлыбек Машбекұлы 2013 жылдың ақпан айында Қызылорда қаласының әкімі болып тағайындалды. Осы уақытқа дейін абы­ройлы қыз­мет етіп, қаланың әлеуметтік, экономикалық және инфра­құрылымдық дамуы­на өз үлесін қосты. Атап айтқанда, 2013 жылы қала бюджеті 37,3 млрд теңге болса, өткен жылдың қоры­тындысымен бюджет көлемі 93,8 млрд теңгені құрады. Соңғы 8 жылда 194 көп­қабатты тұрғын үй пайдалануға берілді. 2020 жылы іргетасы қаланған 28 үйдің құрылысы жүргізілуде. Ағымдағы жылдың аяғына дейін құрылыс жұмыстары толық аяқталып, қол­дануға беріледі. Одан бөлек, 171 көп­қабатты тұрғын үй жөнделді.  Жол құрылысын дамыту­ға 30 млрд теңге қаржы тартылып, 840 шақырымды құрайтын 1 177 көше жөн­делді. Сондай-ақ, жарық, ауызсу жүйелері бір қалыпқа келді. Спорттық және мәдени нысандар да салынды. Атқарылған жұмыстардың барлығы Мемлекет және Үкімет басшысының қол­дауымен, Нұрлыбек Нәлібаевтың тіке­лей басшылығымен жүзеге асырылды. Жетістіктер көп. Қаланың қалай өзгерге­нін барлығыңыз білесіздер. Алда одан да биік белестерді бағындырасыз деп сенемін,– деді облыс әкімі Гүлшара Наушақызы.

Сонымен қатар, отырыс­та қоғам қайраткерлері сөз алып, қала әкімінің істеген жұмыстарын еске алды. Сондай-ақ, елордада абыройлы қызмет етіп, туған жерге қайта оралуын күте­тіндерін де жасырмады. Қалалық мәслихат хатшысы Ибадулла Құттықожаев Нұрлыбек Мәшбекұлының еңбек жолына, ел қызметіндегі еселі еңбегіне ерекше тоқталып, «Қызылорда қалас­ының құрметті азаматы» атағын табыстады.

– Бүгін – мен үшін тарихи күн. Біріншіден, осы орынға келіп, қызмет етуіме қолдау білдірген Мемлекет пен Үкімет, аймақ басшыларына және жерлестеріме алғыс айтамын. Қызмет еткен уақытымда қолдау көрсеткен әріптестерім мен қала тұрғындарына ризамын. Осы­лайша, құрмет көрсетіп, шығарып салып жатқандарыңызға рақмет! Бұл маған үлкен жауапкершілік жүктейді. Сенімдеріңізді ақтау­ға тырысамын. Қандай қыз­метте болсам да мен үшін туған өлкем, Қызылорданың орны ерекше, – деді ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің Өңірлік даму бөлімінің меңгерушісі Нұрлыбек Машбекұлы.

Нұрлыбек Нәлібаев қаланы басқарған уақытында толағай істер атқарылды. Соның ішінде шаһар тұр­ғындары бір-бірімен жарыса айтатын елеулі іс – қала тазалығы. Күл-қоқысымен «пакеттер қаласы» атанған облыс орталығының мүшкіл күйі Нәлібаевтың кезінде бір жүйеге келіп, тазарып қалған. Одан бөлек, талап­шыл әкім қашанда қаланың мың-сан мәселесін қозғап, басшылардың бірін орнынан тұрғызып, екіншісіне сын айтып, мәжіліс залын «қыздыратынымен» де есте қалды. Соңғы сегіз жылда қаланың келбеті түзе­ліп, түрлі ғимараттар бой көтерді. Сол жағалаудың да сәні кірді. Қысқасы, сегіз жылдың салмағын көтеріп, қалада қолтаңбасы қалған әкімді жақсы көңіл күймен, күліп шығарып салдық.

Неде болса, Сыр топыра­ғында туып өсіп, туған же­рін­де қызмет еткен экс-әкімнің жұмысындағы жүйе­лілік көрген көзге анық байқалады. Қазіргі таңда шаһар басшысының орны бос тұр. Бұл орынға кімнің келетіні белгісіз.

Бекзат  АМАНОВ

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: