Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Екпе неше күннен кейін антидене қалыптастырады?

31.03.2021, 9:30 1900

HALYQLINE.KZ Вакцинацияланған адамның вирус жұқтыруы қаншалықты ықтимал? Екпе салдырған соң біраз уақыт өткеннен кейін ағзада антиденелердің пайда болмауы мүмкін бе? Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте журналистер спикерлерге осындай сауал жолдады. ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғинияттың айтуынша, екпе алғаннан кейін 56-шы күні қанда антиденелер жоғары деңгейде анықталады.

«Желіде репродуктолог дәрігердің ауырғаны туралы ақпарат тарады. Ол дәрігер екпе алғаннан кейін 7 күн өткен соң ауырған. Яғни, ол адамның ағзасында антиденелер әлі қалыптасып үлгермеген. Ол тіпті екпе алған кезде аурудың инкубациялық кезеңінде болған шығар. Бұл вакцинаны ойлап тапқан ғалымдардың айтуынша, екпе алғаннан кейін 56-шы күннен бастап қанда антиденелердің өте жоғары деңгейі анықталады. Бұл ағзаның қауіпсіздігін білдіреді. Сондай-ақ, антиденелер көп болғанымен вирус ағзаға өте көп түскен кезде ол адамның ауырып қалуы әбден мүмкін, бірақ жеңіл түрде», – деді вице-министр.

ДСМ мәліметінше, бүгінде барлық емханалар, медициналық ұйымдар екпе жасауға дайын. Вакцинациялау екпе жасау кабинеттерінде немесе процедуралық кабинеттерде мамандармен жүргізіледі. Осы мақсатта мейірбикелер, дәрігерлер оқытылды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: