Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

2000-нан астам жаңа жұмыс орны ашылады

30.03.2021, 11:15 376

HALYQLINE.KZ Жаңақорғанда өткен жылы 2165 жаңа жұмыс орны ашылды. Оның 1836-ы тұрақты. Биыл тағы 2087 жаңа жұмыс орны ашу көзделуде.

– «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында кәсіп ашуға ниетті азаматтарға Жаңақорған аграрлы-техникалық коледжіне 3 айлық қысқа мерзімдік курсқа жолдама берілді. Оның тұрақты жұмысқа орналасқандары -47, жеке кәсіпкерлігін ашқандар саны – 15. Ал «Бастау-Бизнес» жобасына 300 адамға жолдама берілді. «Жаңа бизнес идеяларды жүзеге асыру үшін берілетін мемлекеттік грантқа 358,0 млн. теңге қаржы қаралып, 649 адамға грант берілді. Бұған қоса, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» акционерлік қоғамы арқылы 416,3 млн. теңге қаржы бөлініп, 111 адамға және «Өңірлік инвестициялық орталығы» арқылы 7 адамға 18 млн теңге, барлығы 118 кәсіпкерге несие берілді, – деді Жаңақорған ауданының әкімі Руслан Рүстемов.

Әлеуметтік жұмыс орындарын құруға 61,4 млн. теңге қаржы қаралып, 56 мекемеге 171 адам жұмысқа жолданды. Оның 150-і тұрақты жұмысқа орналасты.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: