Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Ұлттық құрамадағы ТОП-5 ойыншы

28.03.2021, 16:00 493

HALYQLINE.KZ Ұлттық құрамадa ең көп матч өткізген ойыншыларды кім қуып жетеді деп ойлайсыздар? Ал ең көп гол соққан Руслан Балтиевтің рекорды жаңара ма?

Қазақстан құрамасының тарихы бай. Алайда тәуелсіздік жылдарынан кейін командамыздың ойындары азайып, жарыстарға қатысуы да қиындап кеткен кездері болды. Ол Қазақстан футболының Азия конференциясынан Еуропа футболына ауысуымен тұспа-тұс келеді. Екі құрлықтың да жарысына қатысып, ұлттық құрама намысын тұрақты түрде қорғаған футболшылар некен-саяқ. Солардың бірі – Самат Смақов. Ұлттық құрамадағы ойындарын тоқтатып, кейіннен бапкерлердің арнайы шақыртуымен қайта келген Самат жалпы сомада 76 матч өткізіпті. Бұл – әзірге командамыздың рекорды.

Екінші орында – 73 ойын өткізген Руслан Балтиев. Оның да құрамадағы ойындары Саматтыкімен өте ұқсас. Кезінде капитан болды, құраманы алға жетеледі, Азиядағы және Еуропадағы жарыстарға да қатысты. Айта кетуіміз керек, Руслан Балтиев – сонымен қатар құрама сапында көп гол салған футболшы. Оның еншісінде 13 гол бар.

Үшінші орында – Нұрбол Жұмасқалиев. Нұрбол Қазақстан УЕФА-ға ауысқан кезден бастап құрамаға алына бастады. Содан бері 58 ойынға қатысып, 7 гол салды. Сол 7 голының ішінде оның Сербия қақпасына салған голы жанкүйерлердің жадында мәңгі сақталмақ. Жұмасқалиев жеңісті голды салып, адуында Сербия Алматыда Қазақстан құрамасынан жеңіліс тапқан болатын.

Андрей Карпович құрама жейдесінде 55 рет алаңға шықты. Андрей артқы жартылай қорғаушы функциясын атқарса да, еліміздің басты командасы сапында 3 голдың авторы атанған. Сол үш голдың бірі тарихи гол екенін айта отырайық. Қазақстан құрамасының УЕФА жалауы астындағы алғашқы матчында соққан голы дәл осы Карповичтің еншісінде. 2004 жылы Укринаға қарсы өткен кездесуде Андрей жойқын соққымен кездесу есебін ашты.

Юрий Логвиненко құрама сапында 53 ойын өткізген. Ол өзінің алдында тұрған 4 ойыншыны әлі де қуып жетуі мүмкін. Себебі, Юрий Логвиненко әлі де болса құрама команданың ойыншысы болып саналады. Ресейдің «Ротор» командасына ауысқаннан кейін жарақат алып, құрамаға шақыртылмады. Алайда іріктеу ойындарының біршамасына қатысатын ойы бар. Юрийдің Петр Чех қақпасына соққан екі голы көпшіліктің есінде деп ойлаймыз. Ал жалпы айтқанда 2-3 жылдың айналасында Логвиненко құрама сапында ең көп ойын өткізген футболшы атануы әбден ықтимал.

Ал жалпы қазір футболды аяқтамаған, алайда түрлі себептермен құрамаға алынбай жүрген футболшылардың да ТОП-5 қатарына кіретін мүмкіндігі бар. Олардың ішінде Сергей Хижниченко, Бауыржан Исламхан, Дмитрий Шомко және Сергей Малыйлар бар.

aladop.kz

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: