Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қытайға өнім экспорттаушылар көбейді

18.03.2021, 11:20 451

Жыл басынан бері ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі ҚХР-на өнім экспорттауға құқығы бар кәсіпорындардың реестріне тағы 200-ге жуық Агроөнеркәсіп кешені өнімін өндірушілерді енгізді. Қазіргі уақытта тізімге Қазақстанның 741 кәсіпорны тіркелді.

2019 жылы ҚХР-на Қазақстанның ауыл шаруашылығы өнімінің экспортын арттыру үшін ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Қытайдың Бас кеден басқармасы өсімдіктер карантині саласындағы өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойған болатын. Осының негізінде 10-ға жуық фитосанитариялық талаптың хаттамасына қол қойылды.

Қытайдың Бас кеден басқармасымен жемісті ынтымақтастық жұмыстардың нәтижесінде Қазақстанның 741 кәсіпорны Қытайға агроөнеркәсіп кешені өнімдерін экспорттаушылар реестріне енгізілді. 2021 жылдың қаңтар-ақпан айларында ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің кепілдігімен соя бұршақтарын, жоңышқа, арпа, жүгері, бидай ұны мен кебек, зығыр тұқымдарын өндіретін және қайта өңдеумен айналысатын 195 кәсіпорын тізімге қосылды.

Сондай-ақ, қазіргі уақытта ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі бұршақ, мақсары, жасымық, картоп, жом, шрот сияқты өнімдерді сату үшін экспортқа жол ашу келіссөздерін жүргізіп жатыр.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: