Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қазақстанда домбыраны еркін алып жүре алмасақ…

20.03.2021, 9:00 380

HALYQLINE.KZ Сан рет дүниенің түкпір-түкпіріне ұшып жүрсемде өмірімде бірінші рет домбырамды жүк қылып «багажға» тапсырдым. Және бұл сұмдық басқа елде емес, өзімнің Қазақстанымда болды.

«Флайарыстанның» қазақылықтың иісі аңқып тұрған Алматы әуежайында болды. Билетті тіркеп тұрған апай мені танып, өткізіп жібергісі-ақ келді. Бірақ, қазақылықтан жұрдай жас қарагөз қарындасым үзілді-кесілді тиым салып, дауысын қатайтып, өктем сөйлеп ырық бермеді. Амал жоқ, сөйтіп қасиетті қара домбырамды «багажға» тапсырдым.

Енді әуежайда кешірілмес күнә жасағандай пұшайман болып отырмын. Осы жазбаның өзін қолым қалтырап, жүрегім қан жылап әрең жаздым. Басқа-басқа, қазақстанда домбыраны еркін, жанымызға алып кедергісіз ұшып жүре алмасақ «қазақпын, Қазақстанда жүрмін» деп кеуде қағудың еш керегі жоқ-ақ!!!

Ерлан Рысқали

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: