Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жаздың 6 айға созылуы мүмкін бе?

14.03.2021, 15:00 492

HALYQLINE.KZ Қытай ғалымдары 2100 жылға қарай жаһандық жылынудың салдарынан жаз біздің планетада орта есеппен 6 айға созылуы мүмкін екенін айтады. Бұл өзгерістер адам өміріне, жануарлар мен өсімдіктерге әсер етеді.

Geophysical Research Letters мәліметінше, ғалымдар 1952 жылдан 2011 жылға дейін жаз мезгілі 78 күннен 95 күнге дейін ұзарғанын, ал қыс 73 күнге дейін қысқарғанын анықтаған. Жыл мезгіліне байланысты болатын ең үлкен өзгеріс Жерорта теңізі аймағында және Тибет тауларында байқалған.

Жаһандық жылынудан ағаштар емес, киттер құтқарады

«Солтүстік жарты шардың орта ендіктерінде біз жаздың ұзарғанын және қыс қысқарғанын анықтадық. Көктем мен күз мезгілдерінің ұзақтығы қысқарды. Жаһандық жылынудың қазіргі қарқыны өзгеріссіз қалса да, жыл мезгілдерінің ауысу уақыты әлі де өзгереді. 2100 жылға қарай жаз алты айға созылады, ал қыс екі айға жетпейді», – дейді ғалымдар.

Олардың пікірінше, мұндай өзгерістер ауылшаруашылығындағы күрделі мәселелерге, құстардың маусымдық қоныс аударуына сеп болады, аллергияға бейім және жоғары және төмен қан қысымымен ауыратын адамдарға қиындық туғызады.

2020 жылы Арктика мен Солтүстік Сібір бүкіл ғаламшарға қарағанда тез жылынды. Сонымен бірге, бұл аймақтарда кейбір жерлерде ауа температурасы 30 жылдық орташа деңгейден 6 градусқа жоғары болған.

Ғалымдар: жаһандық жылынудың алдын алу үшін жасанды қыс қажет

Әлемдегі барлық климатологтар жаһандық жылынудың болуы және планетамыздағы орташа температураның 1,5 градусқа дейін көтерілуі Жердің сыртқы түрін түбегейлі өзгертетініне күмән келтірмейді. Бұған планета климатының компьютерлік модельдері және әртүрлі климаттық жерсеріктер мен метеорологиялық станциялардың мәліметтері дәлел бола алады.

Осы процестің бірінші және негізгі құрбандары жер шарының полярлық аймақтары және тау мұздары болады. Бұл аумақтағы ауа температурасы өткен ғасырға қарағанда 4-9 градус жылыған. Нәтижесінде Антарктида мен Арктиканың көп бөлігінде мұздар еріп кетті.

Жаһандық жылынуға қатысты биылғы жылдың басты жаңалықтары

Ғалымдар Арктиканың 125 мың жыл бұрын, Микулин мұз дәуіріндегі  жылы кезеңде қалай өзгергенін талдап, жоғарыдағы процесс ғалымдар күткеннен жылдамырақ деген қорытындыға келді.

Ғалымдардың пікірінше, мұндай процестер Жер бетінде 2035 жылы басталуы мүмкін. Бұл кезде Арктикадағы температура Микулин дәуіраралық кезеңінің басындағы температурамен бірдей болады. Осылайша, полярлық мұз қабаты бұрынғы климаттық модельдер көрсеткеннен жарты ғасырға жуық уақыт бұрын жоғалып кетуі мүмкін.

massaget.kz

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: