Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Биыл «Қызылорда – Жалағаш» жолы жөнделеді

10.03.2021, 17:00 397

HALYQLINE.KZ  Биыл облыста ұзындығы 339 шақырымды құрайтын автомобиль жолдары мен көпір өткелдері және көшелер жөнделетін болады. Оған республикалық және облыстық бюджеттен 19 млрд теңгеден астам қаражат бөлінген. Сондай-ақ, мемлекеттік бағдарламалар арқылы да 10 362,0 млн теңге көлемінде инвестиция тартылған. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифингте облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Мұрат Тлеумбетов мәлімдеді.

– «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында 33 жоба іске асырылады. Яғни биыл облыстық және аудандық маңызы бар жолдар жөнделіп, пайдалануға беріледі. Сондай-ақ, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында «Қызылорда – Жалағаш» жолы жөндеуден өтеді. Елді мекендердің кіреберіс жолдарын дамыту және аудан орталықтарымен байланыстыру мақсатында Арал ауданының Жаңақұрылыс, Бекбауыл ауылдарына баратын жолдарды салу үшін жаңа жобалар жүзеге асырылады, – деді Мұрат Жолкелдіұлы.

Сонымен қатар, облыстық маңызы бар жолдардың бойындағы бес апаттық жағдайдағы көпір жөнделеді. Бұған қоса, Қазалы ауданы, Қарлан учаскесіне Сырдария өзені арқылы көпір салынатын болады. Бүгінде жоба-сметалық құжаттары әзірленіп, мемлекеттік сараптамадан өткізілуде. Тиісті құжаттары дайын болғанда құрылыс жұмыстары басталады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: