Сіздерді бүкіл дүниені шуағына бөлеп, тыныс-тіршілігімізге нәр берген шұғылалы көктеммен қатар келген 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Тәуелсіз еліміздегі бейбіт тірліктің, мызғымас бірліктің, жарқын болашаққа деген сенімнің, ізгілік пен мейірімділіктің ұйытқысы асыл аналарымыз, аяулы аруларымыз екені белгілі. Жаратылысынан жандары жылуға, жүректері сезім мен сырға толы, тіршілігіміздің сәні болған әйелдер қауымына аймен таласқан әсемдік те, көреген көсемдік те, мейірім мен нәзіктік те тән.
Әр шаңыраққа шырақ, еріне қуат, бала-шағасына шуақ болып отырған арулар қауымынсыз денсаулық сақтау, білім, мәдениет, журналистика, қаржы, әлеуметтік қамсыздандыру сынды халқымыз үшін ең маңызды салаларды елестету тіпті мүмкін емес.
Бүгінгі біздің қоғамда “саясаткер әйел”, “қайраткер әйел”, “кәсіпкер әйел” секілді ұғымдарының әбден орнығуы нәзік жандардың қай салада болмасын ерлер мен иық тіресе жұмыс істей алатындығын көрсетсе керек.
Анасын асылым деп санайтын, апа-жеңгелерін қымбатына балайтын, қарындасын қарлығашым деп қадірлейтін, өмірінің қосағы сүйікті жары мен тәтті сезімінің жемісі өз қызын жанындай жақсы көретін ерлер қауымының сіздерге деген құрметі мен ілтипаты қашан да шексіз.
Ел тәуелсіздігін нығайту жолында отбасы мен қоғам жүгін қатар арқалап, қайыспай көтеріп жүрген барлық нәзік жандарымызға айтар алғысымыз шексіз!
Шуақты мереке сіздерге жылылығы мен жақсылығын, берекесі мен молшылығын, ырысы мен қуанышын ала келсін, аяулы арулар!
Бүгінгідей мерейлі мерекелеріңізде Сіздердің дендеріңізге саулық, шаңырақтарыңызға шаттық, береке-бірлік пен қуаныш тілеймін!
Мерекелеріңіз тағы да құтты болсын, құрметті арулар!
Ізгі ниетпен,
Қызылорда қаласының әкімі
Нұрлыбек Нәлібаев
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!