Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Бір туғандардың тасбауырлығы…

28.02.2021, 16:00 473

HALYQLINE.KZ

Сүт дүкенінің әйнек сөресінде тоқайласқан Сүт, Кілегей, Қаймақ, Сарымай, Ірімшік, Құрт,.. бірін-бірі танымай қалды. Литрлік шишаға құйылған сұйықтау Сүт жартылыққа құйылған Кілегейге жоғарыдан қарайды. Төрт бұрышты пластмасса қорапшадағы Шикі Қаймақ, неге екені белгісіз, қарны кеуіп, басқаларда шаруасы жоқ, өзімен өзі…

Екі жүз елу грамнан бөліп, Сарымайларды шытырлақ ақ қағаздарға орап қойыпты. Ірімшік пен Құрт қатырма қораптарды мекендеп, ірі-ірі әріппен тасқа басылған қымбат бағаларын кеуделеріне қойып, жайбарақат жатыр. Сұраса келе, жасы үлкені Сүт болып шықты. Қайда туғанын, қайдан келгенін сол ғана біледі. Қалғандары өздерін заводтың өнімдеріміз деп есептейтін көрінеді.

— Өзі болған қыз төркінін танымайды деп, не болған сендерге?! Мен сендерді жақсы танып тұрмын. Ал, сендер мені, мені ғана емес, біріңді бірің танымайтын тәріздісіңдер, – деді Сүт бауырларына ренжіп.

– Бағаларымыз өсті деп, несіне шіренесіңдер?! Кергісеңдер басқаға кергіңдер! Маған кергімеңдер! Біз бәріміз сонау алыс ауылдағы Ала Сиырдың сүтті желінінен жаралғанбыз! О несі ей!?

Мына түрлеріңе қарағанда сендер оны ұмытып та үлгергенсіңдер ғой шамасы!..

(Қадыр Мырза Әли, «Ғибратнәмә» кітабынан)

Көрнекі сурет

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: