Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Егер қызғаншақ болсаңыз!..

28.02.2021, 14:00 327

HALYQLINE.KZ

Қызғаныштың кесірінен адам төмендегі 8 жамандыққа кез болады.

1. Құлшылық және ғибадатты бұзуы. Бұл мағынада Алла Елшісі (с.а.у.) былай деді: «Айрықша қызғанудан сақ болыңдар, өйткені қызғаншақтық істелінген ғибадат-құлшылықтарды жояды, дәл оттың отынды және құрғақ шөпті жалмағанындай».

2. Күнә жасауға апаруы. Қызғаншақ бір кісі өсек айтудан, өтірік айтудан, адамдардың арасын бұзудан кері тұрмайды. Бұл сияқты жаман істерді әдетке айналдырады. Бұл мағынада Дамуре б. Салебенің былай дегені айтылды: «Адамдар қызғану әдетін қоймағанынша, қайыршылық ішінде өмір сүре береді».

3. Шапағаттан жұрдай болуы. Абдуллаһ б.Бишр (р.а.) жолымен келген бір риуаятта Алла Елшісі (с.а.у.): «Қызғаншақ болған, өсек айтып сөз тасыған, сатқындық жасаған менен емес, мен олардан емеспін», – деді. Содан соң Алла Елшісі (с.а.у.) Ахзаб сүресінің 58-аятын оқыды: «Сондай мүмин ер, мүмин әйелдерді жазықсыз кейіткендер, әрине олар, жала жауып, ашық жүк жүктеп алды».

4. Тозақтың отына апаруы. Бұл мағынада Ибн Омар және Әнәс ибн Мәлік (Алла оларға разы болсын) жеткізген бір хадис-шәрифте Алла елшісі (с.а.у.) былай дейді: «Алты топ кісілер бар, алты нәрсенің себебімен есеп берместен тозақтың отына тасталынады. Одан: «Иә, Алла Елшісі, (с.а.у.) олар кімдер? Олардың тозақтың отына кірулеріне себеп болған нәрсе не?», – деп сұралғанда Алла Елшісі (с.а.у.) былай деді: «Бұлар кезегімен мынадай: «Зұлымдық жасаған басқарушылар, нәсілге қарап кемсіткендер, тәкаппар басқарушылар, сатқындық жасаған саудагерлер, надан адамдар, басқаны қызғанған білміділер».

5. Басқаларына зиян келтіреді. Алла Елшісі (с.а.у.) бір хадис-шәрифінде былай бұйырды: «Мұқтаждықтарыңызды орнына келтіру үшін құпия ұстауға тырысыңыз, өйткені әр нығмет иесі қызғаншақтыққа ұшыраған».

6. Пайдасыз, шаршатуы және қасіретке апаруы. Ибн-и Самад (р.а) былай деді: «Қызғаншақтық жасағаннан басқа бейшарадай көрінген бір залымды көрмедім, айыпты бір жан, нашар бір ақыл, айырылмас бір қайғының иесі».

7. Жүректі соқыр етуі. Жүрек соншалықты соқыр болады, Ұлы Алланың үкімдерінен бір үкімді де көре алмайды. Суфян-и Сәуридің мына сөзі маңызды: «Түсінік сезімің жоғары болуын қаласаң, қызғаншақ болма».

8. Кедейшілікке апарып соғуы. Бұл туралы былай делінген: «Қызғаншақ болған кісі бақытты бола алмайды».

Әлеуметтік  желіден  алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: