Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Гүлшара Әбдіқалықова: «Апатты жағдайдағы мектептердің мәселесі шешудеміз»

17.02.2021, 11:50 475

HALYQLINE.KZ Бүгін Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова халық алдындағы алғашқы есепті кездесуін өткізіп жатыр. Онда 2020 жылғы облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары сөз болды. Айта кетейік, есеп беру эпидемиологиялық ахуалға байланысты онлайн режимде өтуде.

Пандемияға байланысты бүгінгі күні оқушылардың  49 пайызы қашықтан, 51 пайызы дәстүрлі форматта оқуда.

Қашықтан оқытуды сапалы ұйымдастыру мақсатында мектептердің балансындағы 14 мыңнан астам компьютер оқушыларға берілді.

Үкімет резервінен 3,2 млрд теңге қаржы бөлініп, 22 870 дана құрылғы сатып алынды.

Жергілікті бюджет және демеушілер есебінен  4 мың компьютерлік техника сатып алынып, мұқтаж балаларға таратылды.

2020 жылы аз қамтылған және көпбалалы отбасылардан шыққан дарынды ауыл балаларына арналған гранттардың саны – 150-ге артты (2019 ж – 126).

Апатты жағдайдағы мектептердің мәселесін шешудеміз (2020 жылы облыста 3 апатты мектеп болды).

– Өткен жылы Жалағаш ауданы, Шәменов ауылындағы апатты мектеп орнына жаңа ғимарат салынып, пайдалануға берілді. Жаңақорған кентіндегі мектептің құрылысы жүргізілуде. Арал қаласындағы апатты мектептің құрылысын биыл бастаймыз, – деді Гүлшара Наушақызы.

Инвесторлар есебінен 500 орынға лайықталған бір мектеп салынса, қазіргі таңда Қызылорда қаласы Саяхат мөлтек ауданынан 300 орындық бір мектептің құрылысы жүргізілуде.  

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: