Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Инвестиция көлемі артты

17.02.2021, 11:30 272

HALYQLINE.KZ Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова халық алдындағы алғашқы есепті кездесуі басталды. Онда 2020 жылғы облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары айтылады. Айта кетейік, есеп беру эпидемиологиялық ахуалға байланысты онлайн режимде өтіп жатыр.

 – Қазіргі таңда облыста 8,7 мың тоннадан астам әлеуметтік маңызы бар азық-түлік қоры қалыптасты. Оның 2,2 мың тоннасы тұрақтандыру қорының өнімдері. Бұл мақсатқа 1,2 млрд теңге бөлінді, – деп мәлімдеді Г.Наушақызы.

Соңғы 5 жылда аграрлық сектордың жалпы өңірлік өнімдегі үлесі 4%-ға өскен. Бұл инвестициялардың жоғары өсу қарқынына, техникалық қайта жарақтандыруға және жаңа технологиялардың енгізілуіне байланысты. Сондай-ақ, соңғы жылдың өзінде агроөнеркәсіптік кешеннің негізгі капиталына салынған инвестициялар көлемі  екі есеге өскендігі айтылды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: