HALYQLINE.KZ Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова халық алдындағы алғашқы есепті кездесуі басталды. Онда 2020 жылғы облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары айтылады. Айта кетейік, есеп беру эпидемиологиялық ахуалға байланысты онлайн режимде өтіп жатыр.
– Өңір экономикасының негізгі проблемасы кен орындарының сарқылуы болып отыр. 2020 жылы мұнай өндіру көлемі 17,3 пайызға (960 мың тоннаға) азайса, ағымдағы жылы тағы 10,5 пайызға (500 мың тоннаға) қысқарады деп болжануда, – деді есепті кездесуде Г.Наушақызы.
Уран өндіру көлемінің 20 пайызға төмендеуі өнеркәсіптік өнім өндіру мен қайта өңдеу көрсеткішіне теріс әсер етті. Облыс әкімінің айтуынша, мұнай мен уран өндірісінің төмендеу салдарын азайту үшін облыста кешенді шаралар қабылдануда.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!