Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Вакцина емдемейді…

12.02.2021, 17:30 444

HALYQLINE.KZ Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте вакцина туралы кеңінен мәлімет берілді. Денсаулық сақтау министрлігі Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығының клиникалық және ғылыми жұмыстар жөніндегі директорының орынбасары, профессор Ляззат Ералиева кезінде әлемді обадан нақ осы вакцина құтқарғанын еске салып өтті.

– Вакцина дәрі емес, ол жұқпалы ауруларды емдемейді. Бірақ тарих көрсеткендей, вакцинацияның арқасында әлем бірқатар қауіпті және ауыр инфекциялардан арылды. Бүгінгі таңда COVID-19 вакцинациясы туралы мифтер көп, мен сенімді ақпарат алуға, сондай-ақ халықаралық және отандық сарапшылардың пікірін тыңдауға шақырамын. Адам ағзасына енгізген кезде бұл вакциналар оның бойында антиденелер қалыптастырады, иммунологиялық реакция пайда болады, ол әртүрлі адамдарда әртүрлі болуы мүмкін. Жағымсыз реакцияларды бірден айту мүмкін емес, иммунды жауаптың қалыпты көріністері мен иммундаудан кейінгі жағымсыз көріністерді ажырату қажет, – деп атап өтті Л.Ералиева.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: