Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

PHD докторлардың санын көбейту көзделуде

12.02.2021, 11:00 597

HALYQLINE.KZ Қызылорда облысындағы жоғарғы оқу орындары ғылым саласына басымдық беріп, PHD докторлардың санын көбейтуді көздеп отыр.

Бүгінде елімізде ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысатын 383 ұйым бар. Оларда әйелдердің ғылыми жұмыстармен еркін айналысуына мүмкіндік жасап отыр. ҚР Білім және ғылым министрлігінің жетекшілігімен еліміздегі оқу орындары жанынан ғылыми-зерттеу орталықтарының құрылуы отандық ғылымның ілгерілеуіне өз үлесін қосуда. Айта кетейік, қазір докторлық атақ алудың параметрлері өзгерген. Барынша жеңілдетілген түрде жүзеге асады.

Бүгінде біздің университетте 491 профессор-оқытушы құрамы қызмет етеді, оның 149-ы – ғылыми дәрежелері бар әйел азаматтар. Мұнда орта есеппен әйелдер үлесі 29,7 пайызды құрайды. Ендігі міндет – жас ғалымдардың бастамаларын қолдап, болашақта PhD докторлардың санын арттыру, – деді Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің ректоры Бейбіткүл Кәрімова.

– «Болашақ» университетінің жанында ғылыми зерттеу орталығы жұмыс істеуде. Әр кафедра университет тарапынан қолдау тауып, жоба бойынша жұмыс істегелі біршама уақыт өтті. Соның нәтижесінде бүгінге дейін тек әйел ғалымдардың 15 монография, 152 ғылыми мақаласы жарық көрді, – деді «Болашақ» университетінің доценті Жазира Нұрсұлтанқызы.

Өңірде мектеп оқушыларын ғылыммен айналысуына да көңіл бөлінуде. Қазір білім ошақтарында арнайы кабинеттер ашылып, үйірмелер жұмыс істеуде.

– Өткен оқу жылында біздің мектептен 15 оқушы республикалық, халықаралық ғылыми жобаларға қатысты. Өте жоғарғы нәтижелер көрсетті. Ұстаздарымыздың магистр, доктор ғылыми дәрежелері бар. Өзім түрлі интеллектуалды, шығармашылық байқауларға, пәндік олимпиадаға тұрақты қатысып келемін. Жеткен жетістіктерім аз емес. Осындай жетістіктерім үшін жақында қала әкімінің «Самғау» жастар сыйлығын алдым, – деді №10 дарынды балаларға арналған облыстық «Білім-инновация» лицей-интернатының оқушысы Еңлік Күнтөреева.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: