Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қазалылық боксшы Олимпиада жолдамасы үшін қолғап түйістірмек

26.02.2020, 17:43 691

Қазалылық боксшы Дәметкен Келімбет бокстан Иорданияда өтетін турнирге қатысады. 3 наурыз күні басталатын байрақты бәсекеде 57 келіде бақ сынайтын жерлесіміз Азия мен Океания елдерінің былғары қолғап шеберлерімен бірге биыл Токияда өтетін Олимпиаданың лицензияларын сарапқа салады.

Дәметкенмен бірге халықаралық турнирде Ангелина Лукас (51 келі), Римма Волосенко (60 келі), Валентина Хальзова (69 келі) және Надежда Рябец (75 келі) ел намысын қорғайды. Бокстан әйелдер арасындағы Қазақстан ұлттық құрамасының бапкері Ерік Алғабек осы аруларға сенім артып отыр.

Айта кетейік, Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген жаттықтырушысы Бақытбек Құлбаевтың шәкірті бұған дейін де ел біріншілігімен қатар, халықаралық турнирлерде топ жарып жүр. Соңғы рет өткен жылдың аяғында бокстан Нидерландта өткен «Эйндховен кубогы» халықаралық турнирінде алтын медаль ұтып алды.

Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: