HALYQLINE.KZ 2020 жылдың төртінші тоқсанының қорытындылары бойынша қазақстандықтардың орташа айлық жалақысының мөлшері жылдық 14,3 өсімді көрсетіп, 233,1 мың теңгеге жетті.
Инфляцияны есепке алғанда, нақты өсім 6,5 пайызды құраған. Салыстырмалы түрде, 2019 жылдың сәйкес, кезеңінде қазақстандықтардың орташа айлық жалақысы 203,9 мың теңгені құраған.
Өңірлер арасында орташа айлық жалақының ең үлкен мөлшері дәстүрлі түрде Атырау облысында: 377,4 мың теңге, бұл ел бойынша көрсеткіштен жалпы алғанда 61,9 пайызға көп.
Орташа айлық жалақысы жоғары аймақтар «үштігіне» сондай-ақ елорда (349,6 мың тг) және Маңғыстау облысы (337,7 мың тг) кірген. Ал төменгі жалақы Түркістан (166,7 мың тг), Жамбыл (168,8 мың тг) және Солтүстік Қазақстан облыстарының (168,9 мың тг) тұрғындары алады. Түрлі салаларда қызмет ететін жұмыскерлердің еңбекақысында айырмашылықтар байқалған.
Мәселен, тау-кен қазу өнеркәсібінде орташа айлық жалақының максималды мөлшері белгіленді (472,3 мың тг), ал қаржы және сақтандыру қызметінде бұл көрсеткіш 422,6 мың теңгені құраған. Осы арада, ең төмен орташа айлық көрсеткіш сумен жабдықтау саласында (145,7 мың тг) және ауыл шаруашылығында (147,7 мың тг) тіркелген.
Өз кезегінде, білім беру саласында орташа айлық жалақы 176,5 мың тг құраған (ел бойынша орташа көрсеткіштен 24,3% төмен), денсаулық сақтау саласындағы орташа жалақы – 197,4 мың тг (ел бойынша орташа көрсеткіштен 15,3% төмен). Бұл салалардағы орташа айлық жалақы ел бойынша ең төменгілер қатарында. Осылайша, Қазақстанда мұнайшылар мен қаржыгерлер мұғалімдер мен дәрігерлерге қарағанда екі есе көп табыс табады.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!