Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Асханаларға жұмыс істеуге рұқсат етілді

10.02.2021, 9:30 458

HALYQLINE.KZ  9 ақпанда Қызылорда облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Д.Жанабергенова қол қойған №2 қаулы шықты. Қаулыға сай Қызылордада мектептер мен оқу орындарындағы асханалардың жұмыс істеуіне рұқсат берілді.

Қаулыдан: «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» №67 Қаулысының 46-қосымшасы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің 2017 жылғы 16 тамыздағы №611 бұйрығымен бекітілген санитариялық қағидалардың және 2020 жылғы 28 тамыздағы енгізілген толықтырулардың талаптарына сәйкес, күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық және бетперде режимін, келушілер арасындағы әлеуметтік қашықтықты сақтау және асханаларды тамақтану залының отыратын орындарының жобалық қуатының 30%-нан аспайтын толтыру шартымен білім беру ұйымдарындағы контингенті 300 оқушыға дейін қалалық және ауылдық дәстүрлі форматта оқитын мектептер, 1-ден 5-сыныпты қоса алғанда, оқу бітіретін 9, 11 (12) сыныптардағы оқушылар, колледждер мен жоғары оқу орындарының І курс студенттері үшін қоғамдық тамақтану объектілерінің қызметіне рұқсат ету».

Құжатта қаулы қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізілетіндігі жазылған.

Қызылорда облысы

кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: