Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Путин тірі қалудың мүмкіндігі жоқ екенін біледі»

05.02.2021, 11:20 419

HALYQLINE.KZ

Владимир Путин ливиялық тиран Муаммар Каддафи сияқты ресейлік наразылық білдірушілер жағынан өлтірілуі мүмкін. Бұл туралы ресейлік-америкалық сарапшы мәлімдеді, деп жазады qamshy.kz

Ресейлік-америкалық сарапшы Юрий Фельштинский Путин Каддафи сияқты «өлтірілуден қорқады» дейді. Оның пікірінше, ресейлік демонстранттар оппозиционер Алексей Навальныйды түрмеге жапқанына ашуланды.

Навальный 17 қаңтарда Мәскеуге оралғаннан кейін дереу тұтқындалды. Оқиға Ресейде наразылық тудырып, бүкіл елде жаппай шеруге шықты. Путинге қарсы наразылықты басу кезінде полиция 10 мыңнан астам адамды тұтқындады.

Енді Юрий Фельштинский Ресей президенті билікті ұстап қалу үшін тек репрессияны күшейтетінін айтты және оның жағдайын 2011 жылғы Каддафимен салыстырды.

Ресейлік-америкалық автордың ойынша, Навальныйдың қамауға алынуы, соған байланысты жалғасып жатқан наразылықтар және оппозицияның қатты қуғын-сүргінге ұшырауы Путиннің ел ішіндегі қолдауға ие болуын төмендетіп жатыр. Сондықтан Путин биліктен айырылып қалмау үшін наразыларды басып жаныштайтын ғана таңдауы бар.

Фельштинскийдің пікірінше, Путин өзінің репрессиялық басшылығынан бас тартса, ол өзінің өлтірілуінен қорқады.

Сарапшы The Sun-ға «Путин өзінің басқару жүйесі қалыпты ережелер бойынша өмір сүре алмайтынын біліп келеді. Ол идеалист емес» деп сұхбат берді. 

– Ол қысым жасауды жалғастырмаса, тірі қалудың мүмкіндігі жоқ екенін біледі. Путиннің соңғы оқиғалардан соң алатын сабағы мынау: ол бақылауды күшейтуі керек және көбірек репрессия жасауы керек. Мұны біз енді көретін боламыз, – деді ол.

Фото: ашық дереккөз

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: