Қызылорда облысы «Азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің басқару органдары мен күштерін көктем кезеңіндегі төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі іс-қимылдарға дайындау» тақырыбындағы «Көктем-2020» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өткізілді.
Қызылорда облысы ТЖД Дағдарыс орталығында оқу-жаттығу штабы құрылып, лауазымды тұлғалардың кезекшілігі ұйымдастырылды.
Облыстық, қалалық және аудандық Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою комиссиясының жедел тобының жеке құрамы жағдайдың шиеленісуіне және төтенше жағдайлардың туындауына байланысты жағдайды бағалау және жергілікті жерлерде тиісті басқару органдарының жұмысын ұйымдастыру үшін төтенше жағдай болған ауданға жедел жетуге дайын екенін көрсетті. Азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесі аясындағы аумақтық кіші жүйенің күштері мен құралдары дайындыққа келтірілді. Әрбір құрылымдар бойынша нақты мүмкіндіктер мен есептер нақтыланды.
2020 жылдың 25 ақпан күні жергілікті уақытпен сағат 14:00 Талсуат елді мекенінің тұрғынынан 112 Біріңғай диспетчерлік қызметіне Қызылорда қаласы, Талсуат елді мекенінде Сырдария өзені бөгетінің бұзылғандығы туралы ақпарат түсті.
Қызылорда қаласынан төмен қарай 20 шақырым жерде орналасқан Талсуат елді мекенінің тұсында Сырдария өзенінен сең жүру кезінде мұзды кептеліс орын алып, салдарынан Сырдария өзенінің оң жаға қорғаныс бөгетінің 5 м бөгеті бұзылды.
Талсуат елді мекенінің мінездемесі: Қызылорда қаласының батыс беткейінде Сырдария өзеніне жақын орналасқан. Талсуат елді мекенінде 365 үйде 1697 тұрғын, оның ішінде 530-ы бала. Мал саны – 710. Аймақтың су басу қаупі бар аймағында 68 үйде 588 тұрғын, 66 ірі мал, 120 уақ мал және 4 жылқы бар екені анықталды.
14:02 – Дағдарыс жағдайында басқару басқармасының жедел кезекшісі жедел әрекет ететін қызметтерді құлақтандырып, оқиға орнына жібереді.
14:20 – Өрт сөндіру және авариялық-құтқару қызметтінің жедел- құтару жасағы оқиға орнына келіп, дарияның арғы бетінде қалып қойған екі зардап шегушіге құтқару жұмыстарын жүргізу үшін Құтқарушылар арнайы гидро комбинизон киіп құтқару құралдары арқылы зардап шегушілерді судан қауіпсіз орынға шығарып, апаттар медициналық орталығына және жедел жәрдем қызметіне тапсырады.
Оқиға орны қоғамдық тәртіпті сақтау тобы күштерімен қоршауға алынып тұрғындардың қауіпсіздігі мен бағала заттардың қолды болмауы мақсатында қоғамдық тәртіп күзетіледі.
Сонымен қатар, төтенше жағдай аймағында Жергілікті полиция қызметінің бағыттауымен жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және тұрғындарды эвакациялау кезінде автобустарды сүйемелдеу жүргізіледі.
Өртке қарсы қызметінен 6 техника, 20 қызметкер Талсуат елді мекеніндегі тұрғындар мен материалдық құндылықтарды эвакуациялау жұмыстарын жедел жүргізуге кірісіп, су сору мотопампаларының көмегімен тұрғын үйлер ауласын судан тазарту әрекеттеріне көшеді. сонымен қатар әкелінген құмды қамтап бұзылған қорғаныс бөгетін қалпына келтіру жұмыстарын жүргізеді. Және №5547 әскери бөлімінен 2 техника, 50 адам оның ішінде 30 адам төтенше жағдай аумағын қоршап қауіпсіздікті қамтамасыз етеді. Қалған 20 адам Өртке қарсы қызметімен бірлесіп елді мекеніндегі тұрғындарды және материалдық құндылықтарды эвакуациялау жұмыстарын жүргізу және қаптау жұмыстарына кіріседі.
Құрылыс басқармасы (Инженерлік қызмет) Талсуат елді мекеніндегі қорғаныс бекеттерін нығайту жұмыстарын жүргізу үшін 10 қызметкер және 5 бірлік техника көмегімен құм арқылы бөгетті қалпына келтіру жұмыстарын жүргізеді. Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы Талсуат елді мекенінің тұрғындарын Эвакуациялық қабылдау пунктіне жеткізу үшін көлікпен қамтамасыз етеді; Құрамында 3 үлкен сыйымдылықтағы автобус 3 жүргізушісімен осы кезеңде жергілікті атқарушы органдар Қызылорда қаласы Талсуат ауылы №178 мектеп ғимаратынан эвакуциялық жинақтау пунктін дайындыққа келтіріп, зардап шеккен адамдарды түгендеп, Қызылорда қаласы №212 мектеп ғимараты базасында орналасқан эвакуациялық қабылдау пунктіне жөнелтеді. Эвакуациялық қабылдау пунктінде ана мен бала және алғашқы медициналық көмек көрсету, психологиялық көмек көрсету бөлімдері қарастырылған.
Қызылорда облысының кәсіпкерлік қызметімен эвакуацияланған тұрығындарды азық-түлікпен, ыстық тамақ және өмір тіршілік көздерімен, жеке гигиеналық заттармен.қамтамасыз етеді;
Қызылорда облысының ауыл шаруашылық басқармасы Талсуат елді мекеніндегі су басуға қауіп бар елді мекендегі үй жануарлары мен малдардың есебін жүргізіп, қосымша жем шөп қорын нақтылап, үй жануарларын қауіпсіз аймаққа көшіру жұмыстарын жүргізу мақсатында Төтенше жағдайлар аумағынан үй жануарларын қауіпсіз аймаққа айдайды.
Төтенше жағдай аумағынан 588 адам және 190 үй жануары оның ішінде 66 ірі мал, 120 уақ мал, 4 жылқы көшіріліп, бұзылған бөгет азаматтық қорғау қызметтерінің күштерімен қалпына келтіріліп, зақымданған үйлер мен келген шығындар жергілікті атқарушы органдармен есептеліп шығындары анықталуда.
Нәтижесінде Талсуат елді мекенінде бұзылған бөгетті қалпына келтіруге барлығы 15 құрылым, 183 адам, 42 техника жұмылдырылды.
Қызылорда облысы ТЖД
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!