Қармақшы ауданы әкімдігінде облыстық статистика департаментінің жауапты қызметкерлерінің қатысуымен семинар-кеңес өтті.
Семинар-кеңеске облыстық статистика департаменті басшысының орынбасары Г.Ж.Нұрқабылова, облыстық статистика департаментінің өнеркәсіп статистикасы басқармасының басшысы Т.М.Балханова, облыстық статистика департаментінің ауыл шаруашылығы статистикасы басқармасының басшысы Д.Қ.Кеншімбаева, облыстық статистика департаментінің қаржы, құрылыс және инвестиция статистикасы басқармасының басшысы Р.А.Сермағанбетова, облыстық статистика департаментінің еңбек статистикасы басқармасының бас маманы Б.Қ.Маханова және кент, ауылдық округ әкімдері, мекемелер мен кәсіпорын, дербес бөлім басшылары қатысты.
Аудан әкімі М. Қалдарбековтың төрағалығымен өткен семинар – кеңес барысында статистикалық есептерді тапсыру және нәтижелерін шығару, есептілікті тапсырудың оңтайлы жолдарын шешу, алдағы уақытта атқарылатын жұмыстарды жоспарлау туралы сауалдар қойылып, қатысушылардың ұсыныс пікірлері тыңдалды.
Еркін форматта ұйымдастырылған шарада облыстан келген жауапты қызметкерлерге мекемелердің басшылары мен ауылдық округ әкімдері өздерінің сауалдарын қойып, жұмыспен қамту, кәсіпкерлік бағытындағы көрсеткіштерді статистикалық көрсеткіштерімен салыстыру жайлы маңызды мәселелер сараланды.
Ауданымыздың даму жоспарын айқындау және болжамдар мен талдау жүргізу барысында статистикалық көрсеткіштер маңызды болды.
Семинар-кеңеске қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берген облыстан келген мамандар статистика органдарымен жүйелі түрде байланыс орнатып, салыстырып отыру қажеттілігі туралы мағлұматтар берілді.
Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!