«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Қызылорда облысы бойынша филиалының №1 қалалық бөлімінде облыстық филормония және «Ақмешіт» фольклорлық ансамблімен бірлесе мәдени шара өтті.
Ұлтымыздың ойшылы, қара өлеңнің патшасы Ұлы Абайдың 175 жылдық мерейтойы қарсаңында өткізілген мәдени шарада облыстық филармония және «Ақмешіт» фольклорлық ансамблімен бірге тұрғындардар да қосылып, Абайдың танымал әндерін шырқады.
ХҚО-ға келген қызылордықтар қызмет алумен қатар, қазақтың ұлттық аспаптарымен жанды дауыста орындалған Абай әндерін тыңдап, ерекше көңіл күйде қайтты.
Осылайша6 мереке қарсаңында ұйымдастырылған мәдени шара көптің көңілінен шықты.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!