ЖАҒАСЫ ОНЫҢ КІР ЕКЕН, ЖАҒДАЙЫ БОЛМАЙ ЖҮР МЕ ЕКЕН?
немесе ерлер арасындағы достық
Дүкеннің кассасында екі жігіт ағасы әңгімелесіп тұр.
– Қазір Мәкеңнің үйіне кіріп шығайық. Анау күні көшеде кездестіргем. Көйлегінің жағасы кірлеп жүр екен. Үйдегі келін ауырып қалды ма екен?.. Білейік, ескі жаңа жылды себеп қылып барайық!
– Айтқаның жақсы болды, түсіндім, Ареке!
Қысқа диалог.
Бірақ, адамгершіліктің айқын көрінісіне толып тұр.
Бір-бірін қолдайтын азаматтар аман болсын деп көкседім ішімнен. Қазақ елінің азаматтарының еңсесі тік жүрсін!
Айнұр ТҰҢҒЫШБАЕВА,
журналист
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!