Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылордада карантиндік шаралар туралы қаулы қабылданды

05.01.2021, 14:35 693

HALYQLINE.KZ Қызылорда облысы халқы арасында COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуының алдын алу мақсатында облыс бойынша шектеу және карантиндік шаралар туралы жаңа Қаулы қабылданды.

Қаулыға сәйкес келесі тыйым салулар әрі қарай сақталады:

1) қоғамдық тамақтану объектілерінде кальянды пайдалануға рұқсат берілмейді;

2) ойын-сауық, спорттық іс-шараларды, көрмелерді, форумдарды, конференцияларды, сондай-ақ отбасылық, салтанатты, естелік іс-шараларды, оның ішінде үйде және адамдар көп жиналатын өзге де іс-шараларды өткізуге тыйым сақталады;

3) ойын-сауық мекемелерінің (жабық үй-жайлардағы балалар ойын алаңдары мен аттракциондары, батуттар және басқалар), букмекерлік кеңселердің қызметіне;

4) кезекші топтарды қоспағанда, мектепке дейінгі балалар мекемелерінің қызметіне рұқсат жоқ;

5) балаларды сауықтыру лагерлерінің қызметіне тыйым салынады;

6) спортшылардың Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде оқу-жаттығу жиындары мен жарыстарға қатысуы үшін шығуына тыйым салу жалғасады.

2. Күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режиммен келесі нысандардың жұмысы жалғасады:

1) қала маңындағы жолаушылар поездарының қозғалысына;

3) ашық ауада жеке және топтық жаттығулар жасауға;

4) Ұлттық құрама, клуб командаларының спорттық жаттығуларына рұқсат;

5) жеке автокөліктің өңірлер арасында жүруіне;

7) қаржы нарығы субъектілерінің қызметіне рұқсат беріледі;

8) 5 адамнан аспайтын жеке және топтық жаттығулар үшін спорт кешендері қызмет көрсетуін жалғастырады;

9) 15 адамнан аспайтын жеке және ұйымдасқан топтар үшін ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға баруға болады;

10) кеңестерді (отырыстарды) оларды қашықтықтан өткізу мүмкіндігі болмаған кезде бекітілген алгоритмді сақтай отырып, көзбе-көз режимде өткізуге болады;

13) көрермендердің қатысуынсыз, бір мезгілде 100 адамнан асырмай, Қазақстан Республикасының чемпионаттарын және республикалық жарыстарды өткізуге рұқсат;

14) бір мезгілде 30 адамнан асырмай, облыстық командаларды даярлау үшін оқу-жаттығу жиындарын өткізуге рұқсат беріледі.

Сонымен қатар 2020-2021 оқу жылының үшінші тоқсанынан бастап:

– контингенті 300 оқушыға дейін қалалық және ауылдық мектептерде сыныптардағы балалар саны 15 адамға дейін дәстүрлі форматта оқуға рұқсат беріледі;

– сыныптарды 15 баладан асырмай, ата-аналардың өтініші бойынша жалпы білім беретін мектептерде 1-ден 5 сыныпқа дейін қоса алғанда, халықаралық мектептерде 7 сыныпқа дейін қоса алғанда кезекші сыныптарда оқытуға рұқсат беріледі;

– оқу бітіретін сыныптар (9, 11 (12) сыныптар) үшін аптаның 6 күні ішінде аралас оқытуға: пәндердің 70%-ын штаттық режимде, 30%-ын қашықтықтан оқытуға рұқсат;

– білім беру мекемесі әкімшілігінің шешімі бойынша сабақтан тыс уақытта 5 адамнан аспайтын топтарда оқушыларды жеке оқытуға болады;

2) екінші семестрден бастап колледждер мен жоғары оқу орындарының I курс студенттері үшін штаттық оқытуға рұқсат беріледі.

Бұдан бөлек, Қызылорда қаласы және аудан әкімдіктері, Қызылорда облысының полиция департаменті, барлық аудандық, Қызылорда қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармалары осы Қаулының қосымшаларына сәйкес қызметі шектелмеген объектілерді қоса алғанда, объектілердің қызметін қайта бастауды қамтамасыз етсін.

Осы Қаулы 2021 жылдың «06» қантар 00 сағат 00 минуттан бастап күшіне енеді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: