Жыл басы жағымсыз жаңалықпен басталды. Қаңтардың үшінде сағат 20:00-де облыс орталығында екі автокөлік соқтығысып, жол – көлік оқиғасы тіркелді. Жол – көлік апатынан зардап шеккендер болған жоқ. Тексеру барысында жүргізушілердің бірі көлікті мас күйінде басқарғаны белгілі болды. Бұған қоса, сот шешімімен 2019 жылдың 12 ақпанында ол 3 жылға көлік басқару құқығынан айырылғаны анықталды. Алайда шектеуге қарамастан бұл азамат мас күйінде қайта көлік тізгіндеген.
Оған қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 346-бабының 2-бөлігімен (Көлік құралын басқару құқығынан айырылған, алкогольдік масаң күйдегі адамның көлік құралын басқару) сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Автокөлік айып алаңына қойылды. Күдікті облыс орталығының 33 жастағы тұрғыны уақытша ұстау абақтысына қамаққа алынды.
Бұл орайда, жол – көлік оқиғаларының алдын алу және оларды болдырмау мақсатында Қызылорда облысы Полиция департаментінің қызметкерлері облыс тұрғындарының жолдағы жауапкершіліктерін күшейтуді ескертеді.
Қызылорда облысы
Полиция департаментінің баспасөз қызметі
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!