Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылордада 15 қобыз үйірмесі ашылды

30.12.2020, 10:00 708

HALYQLINE.KZ Сыр елінде 2021 жылы Қорқыт мұрасын насихаттау мақсатында республикалық қобызшылар конкурсын өткізу жоспарлануда. Аймақта биыл «Жыр мұра» жобасы аясында 15 қобыз үйірмесі ашылса, 23 жыр-терме үйірмесі жұмыс істейді. Бүгінде 300-ден аса бала дәріс алуда.

– Биыл өңіріміздің жыршы-жыраулары ұлы ақын Абайдың 20 шығармасын Сыр мақамдарында орындады. Сонымен қатар, жыл көлемінде «Абай әлемі» атты облыстық өнер фестивалі мен халық театрларының онлайн байқауы, «Көзімнің қарасы» атты облыстық әншілер конкурсы, «Абай жұлдызы» атты музыка және поэзия кеші өткізілді. Бұған қоса, облыстан «Рухани қазына» республикалық фестиваліне 14 мәдениет ұйымы қатысып, 5 номинация бойынша үздік деп танылды, – деді облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Мира Абуова.

Мұнан өзге, аймақта шығыстың ғұлама ойшылы Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығы, Алтын Орда мемлекетінің 750 жылдығы, ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай 2 мыңнан аса мәдени іс-шара өткізілді. Пандемияға байланысты басым бөлігі әлеуметтік желілерден және ютуб каналынан көрсетілді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: