Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Сырбойылық қанша спортшы ұлттық құрама сапына енді?

20.02.2020, 18:00 513

Спорт саласында өткен жылдың еншісінде айтарлықтай жаңалық бар. Бұл туралы облыс әкімі Қуанышбек Ысқақов халық алындағы есеп беру жиынында айтты. Сыр елі үшін жоғары жетістіктің бірі – «Қайсар» футбол командасының 20 жылдан кейін екінші рет Қазақстан Кубогын жеңіп алуы. Алдағы мақсат – Еуропа лигасында лайықты өнер көрсету.

— Бүгінде әлеуметтік маңызды сұрақтарды шешуге мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігін пайдаланудың зор пайдасы тиіп отыр. Қазіргі таңда мемлекеттік-жекешелік әріптестік бойынша бізде денсаулық сақтау, білім, мәдениет, спорт, қоғамдық тәртіп, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және басқа да сала­ларда  жалпы құны 34 млрд теңгені құрайтын 142 жоба бар. Олардың 56-сы бойынша жобаларды іске асыру шарттарына инвесторлармен қол қойылды, – деді аймақ басшысы облыстың бас театрында өткен кездесуде.

Айта кетейік, биыл команда құрамына 26 футболшы жасақталса, оның 16-сы – қаракөз қазақтар, 10 футболшы – «Қайсар» футбол мектебін­ің түлектері. Ел біріншілігінде команданың басым бөлігі отандық футболшылармен жасақталған жалғыз команда екенімізді де ұмытпа­ғанымыз абзал. Сондай-ақ, өңір спортшылары 2019 жылы ел чемпионаттарында 1457, Әлем және Азия чемпионаттарында 170 медальға қол жеткізді, 578 спортшымыз Ұлттық құрама сапына­ енді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: