HALYQLINE.KZ Парасаттылық ұғымы ақылдылық пен білімпаздық, мәдениеттілік, көрегенділік, зерделілік мағынасында қолданылады. Парасатты адамға адамгершілік, инабаттылық, салиқалылық, мейірімділік, ізгілік, әдептілік, ұстамдылық, талғампаздық қасиеттері тән. Ол жеке тұлғаның интелектуалдық және мінез-құлық жағынан толысып, жетілгендігін, жоғары мәдениеттілігін көрсетеді. Көпті көрген, көп білетін мұндай адам сөйлейтін әр сөзін ойланып, ақыл таразысына салып айтады.
Француз философы Г.Мабли «Біздің бойымызға біткен қасиеттердің ішіндегі ең маңыздысы және ең ізгісі – парасат» дейді. Қазақ қоғамында парасатты адам бойында кездесетін асыл қасиеттердің біріне айналып, адамгершілік пен өнегелілік тұрғысынан жоғары бағаланған.
Қазіргі қоғамда адам бойындағы парасаттылық арқылы жемқорлыққа қарсы мінез-құлықтың үлгісін қалыптастыруға, адамгершілік нормаларын сіңіру бағытында біршама жұмыстар атқарудамыз. Бүгінгі күні сыбайлас жемқорлық сөзінен гөрі парасаттылық ұғымы туралы көбірек айтыла бастады. Сонда парасат ұғымы жеке адамның толысқан кемелдігінің белгісі ретінде үлкен сана мен келісті әдет инабаттылығының, кең, бай мінезінің жарасты тұтастығын білдіреді. Парасатты адам істейтін ісін, сөйлейтін сөзін, қабылдайтын шешімін алдымен ақыл таразысынан өткізіп шешім қабылдайды.
Осыны ескерсек парасаттылық сана сезімі қазіргі таңдағы өскелең ұрпақпен бірге барлық адамзаттың бойында міндетті қолданылатын қасиеттердің бірі болуы керек екенін айтқым келеді. Дамыған елдердің тәжірбиесін қолданатын болсақ, сыбайлас жемқорлықпен күресуде бірінші адам бойында кездесетін парасаттылық, әділдік, адалдық секілді қасиеттерін дамытумен бірге тұрмыстық ортада қолдана отырып, адамның жүріс-тұрыс қасиетінің басты әрекетіне айналу қағидатын ұстанады.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің халыққа Жолдауында сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүйелі күрес мәселесі Қазақстанның мемлекеттік саясатында басым болып қала беретінін атап өтті.
Жастардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасын қалыптастыру және адалдық қағидатын енгізу мақсатында оқушылардың қатысуымен дебаттық сайыстар, челлендждер, «Мейірім акселераторы» волонтерлік қозғалысы және тәрбиелік сабақтар суреттер мен эхсселер сайысы ұйымдастырылып тұрады және ұжым арасында «Біз жемқорлыққа қарсымыз!» тақырыбында түрлі тренингтер мен жиналыстар, ұжым арасында семинар сағаттар өткізіліп тұрады. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында түрлі саулнамалар мен дебат сағаттары ұйымдастырылып тұрады. Сыбайлас жемқорлықты жеңуде нақты табысқа жету үшін балаларды ерте жастан бастап сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік, адалдық, әділдік, парасаттылық және отансүйгіштік сияқты құндылықтарды қалыптастыру мақсатында орта білім беру ұйымдарында «Парасаттылық мектептері» және «Адал ұрпақ» клубтары ашылып тұрақты түрде жұмыс істеуде.
«Адал ұрпақ» клубтары
«Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубының құрылу мақсаты – шәкірттерімізге рухани адамгершілік және азаматтық-патриоттық тәрбие беру. Олардың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілікті көрсететін құндылықтар жүйесін сақтау және нығайту, оқушылардың заң талаптарын сақтауға ынтасын қалыптастыру болса, міндеті-мектепте сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты нығайту бойынша бастамаларды көтермелеу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сипаттағы іс-шараларды ұйымдастыру болып табылады.
Осы мақсат-міндеттерді жүзеге асыру аясында «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубының мүшелері ұйымдасқан, жүйелі түрде түрлі іс-шаралар атқарып тұрады.
Егер, жастайынан баланың санасына тазалық, жауапкершілік, патриотизм, Отанға деген сүйіспеншілік қағидаттарын сіңіретін болсақ, есейген кезде оның бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммунитет қалыптасып, саналы өмір сүруге мүмкіндігі жеткілікті болады. Шәкірттерімізді мектеп қабырғасынан осындай ізгі қасиеттерге баулитын болсақ, жемқорлық көріністеріне мүлдем төзбеушіліктің қағидаты қалыптасатын болады, демек, «Адал ұрпақ» еріктілер клубы» да өз жұмысының нәтижесін беретіні анық.
Осы клуб жұмысы арқылы балаларды адамгершілігі мол, намысты азамат болуға, мемлекеттік мүлікті бүлдірмеуге, кісі ақысын жемеуге, ешкімнің ала жібін аттамауға тәрбиелейміз. Мемлекетіміздің болашағы саналатын мектебіміздің осындай белсенді оқушыларынан үлкен үміт күтеміз. Өз заңын құрметтеп-қастерлейтін, еліне шын берілген адал ұрпақ – Мәңгілік Елдің кепілі.
«Парасаттылық мектебі» – өскелең ұрпақты өнегелі іске бастайтын жоба
Парасаттылық мектебі – бұл қарқынды, әрі шығармашылық атмосфераның, ұжымдық және жеке оқыту нысандарының, эмоционалды нығаюдың және қатысушылар арасындағы үздіксіз өзара іс-қимылдың үйлесімі.
Парасаттылық мектебінің негізгі мақсаты – жастар арасында адамгершілік қасиетті, адалдық пен мәдениеттілікті, ізгілік пен имандылықты,парасатты да зиятты тұлғаның мінез-құлқының үлгісін қалыптастыру және жаңа формациядағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалыстың адал да жас өкілдерін дайындау.
Міндеттері:
– кемел руханият пен биік ақиқаттың жоғары зерделенген парасатын, сапалы мәдениеті мен әдебін, ар мен намысын қатар ұстаған зиялы ұрпақты қалыптастыру;
– жастар арасында азаматтыққа, отансүйгіштікке, адамның құқықтарына, бостандықтарына және міндеттеріне, адамгершілік сезімдерге еңбексүйгіштікке, сыбайлас жемқорлыққа төзбеу мәдениетіне тәрбиелеу;
– мемлекеттік сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыруға жастарды тарту және жастар арасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық моделін насихаттау;
Парасаттылық бұл ар-ұят, адалдық және ақшаға сатылмау секілді жеке қасиеттермен сипатталатын жан тазалығы. Ол адамның мінсіз мінез-құлығынан, адалдығы мен тектілігінен көрінеді. Парасатты адамға терең көзқарас пен ішкі жоғары мәдениет, заңға, этикалық және моральдік ережелерге құрмет тән.
Біздің барлық бастамаларымыз айқын құндылықтарымыз – әділдік, парасаттылық және сенім…
Қарлығаш АБДРАХМАНОВА,
Ақпараттық-ағартушылық штаб мүшесі
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!