Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Корпоративтік кештерден бас тарту ұсынылды

25.12.2020, 17:00 490

HALYQLINE.KZ Мемлекеттік органдарға Жаңа жыл мерекесін ұжымдық тойлаудан бас тарту ұсынылды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифингте облыс бойынша мемлекеттік қызмет істері департаменті басшысының орынбасары Берікбол Байхожаев мәлімдеді.

Бұл – карантин талабын сақтау үшін қабылданған шешім. Б.Байхожаев карантин талаптарын сақтамаған мемлекеттік қызметшілерге шара көрілетіндігін ескертті.

Сондай-ақ, өзгеріс енгізілген заңнамаға сәйкес, енді мемлекеттік қызметшілердің отбасы мүшелеріне де сыйлық алуға болмайды. Мемлекеттік қызметшіге және оның отбасы мүшелеріне келіп түскен барлық сыйлықтар, тіпті олар білмей келіп түскен сыйлықтарды қоса алғанда, 7 күн ішінде Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне және оның аумақтық органдарына тапсырылады. Ал отбасы мүшелері бір-біріне сыйлық жасауға тыйым салынбаған.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: