Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Токиодағы Олимпиада ойындарын бір жылға ауыстыруға шамамен екі миллиард доллар кетті

30.11.2020, 17:50 397

HALYQLINE.KZ Токиодағы Олимпиада ойындарын ұйымдастырушылардың хабарлауынша, жарысты коронавирус пандемиясына байланысты 2020 жылдан 2021 жылға ауыстыруға 200 миллиард иен (1,9 миллиард доллар) жұмсалған.

Yomiuri жапон газетінің мәліметіне қарағанда, жұмысшылардың ақысын төлеуге және билетті қайтару жүйесін жасауға көп қаражат кеткен.

Ойындарды ұйымдастыру комитеті келесі айда қосымша шығындар туралы мәлімет жариялауды көздеп отыр.

Ойындар өтетін уақыт ауысқанға дейін ұйымдастырушылар Токиодағы Олимпиаданы 13 млрд долларға бағалаған.

Олимпиада ойындарын Жапонияда өткізу туралы шешім 2013 жылы қабылданды. Сол кезде ұйымдастырушылар оны өткізуге 7,3 млрд доллар кетеді деп хабарлаған.

Биыл наурыз айында Халықаралық олимпиада комитеті мен Жапония үкіметі ойындарды бір жылға шегере тұру туралы шешім қабылдады.

Олимпиада ойындары 2021 жылы 23 шілдеде басталады деп жоспарланған.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: