Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Студенттерге теориялық сабақ өткізді

19.02.2020, 9:33 774

Қызылорда облысының Полиция департаменті мен Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті арасындағы өзара қызметтік және ынтымақтастық туралы Меморандумға сәйкес Қызылорда облысы полиция департаментінің Тергеу және жедел-криминалистикалық Басқармасының қызметкерлері «Құқықтану» факультетінің 3-курс студенттері арасында «криминалистикалық фотосурет, бейне және аудио жазбалар» тақырыбында теориялық сабақ өткізілді.

Шара барысында тәртіп сақшылары студенттерге криминалистикалық фотосурет-криминалистикалық техниканың бір бөлімі екендігі туралы ақпарат берді. Ол ғылыми ережелердің жүйесін және олардың негізінде әзірленген, қылмысты ашу және болдырмау үшін дәлелдерді тіркеу және зерттеу кезінде қолданылатын фотосуретті әдістерді, құралдарды және тәсілдерді білдіреді.

Сондай-ақ, фотосурет ішкі істер органдарының жұмысында ерекше рөл атқарады және тергеу әрекеттерін жүргізу кезінде дәлелдемелі ақпаратты тіркеу құралы ретінде кеңінен қолданылады.

Студенттер сабаққа қызығушылықпен қатысып, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, полицейлерге осындай форматтағы кездесу үшін алғыстарын білдірді.

Қызылорда облысының Полиция

департаментінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: