Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қарызға белшесінен батқан қазаққа мұз қалашық емес, ҮЙ КЕРЕК!

23.11.2020, 9:10 1474

HALYQLINE.KZ

Мұз қалашық – Астана әкімдігінің мемлекет қаржысын мұз ғып қатырып, су ғып ағызып жіберіп, жартысын қалтаға басу үшін жылдар бойы жалғастырып келе жатқан жобасы.

Пандемия, карантин, онлайн-оқу, онлайн-жұмыс деп отырған ел мұз қалашықты басына ұра ма?

Басында баспанасы жоқ, қарызға белшесінен батқан қазаққа мұз қалашық емес, ҮЙ КЕРЕК!!!

Осы мұз қалашық пайда болғалы сол ақшаға қаншама көпбалалы аналарға үй алып беруге болар еді!!!

Осы есектің миын жегендерде ми бар ма?

Күмәнім бар.

Мұз қалашық салмасын десеңіздер, бөлісіңіздер, айтыңыздар, жазыңыздар. Мүмкін, Тоқаев пен Көлгінов үнімізді сонда естіп қалар…

Сәуле  ӘБІЛДАХАНҚЫЗЫ,

қоғам  белсендісі,

әлеуметтік желідегі парақшасынан алынды.

Көрнекі  сурет

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: