Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Дау-дамайдың дерті» тақырыбында тренинг өтті

20.11.2020, 15:00 1563

HALYQLINE.KZ Бүгін Қызылорда «Болашақ» университетінің «Педагогика, дефектология» кафедрасының Әлеуметтік мәселелерді психологиялық және дефектологиялық зерттеу орталығы «ZOOM» платформасы арқылы «Дау-дамайдың дерті» тақырыбында семинар-тренинг өткізді. Аталмыш іс-шараны өткізуде мынадай мақсаттар қойылды: тәжірибемен бөлісу, «Дау-дамай» ұғымына сипаттама беру, тұлғаішілік дау-дамайдың табиғатын қарастыру, тұлғаның дамуындағы жағымды және теріс жақтарын анықтау және даудан шығу әдістерімен танысу.

Шараға кафедра профессор-оқытушылары, «Педагогика және психология» мамандығының 2-курс студенттері қатысты. Іс-шараны ұйымдастырушы кафедра оқытушысы, PhD, Қазақ психологиялық қоғамы Республикалық қоғамдық бірлестігінің вице-президенті, РЖА профессоры, Халықаралық Психология ғылымдары Академиясының корресподенті мүшесі К.Ғ.Елшібаева білім беру үдерісіне қатысушылардың арасында достық қарым-қатынас, өзара түсіністік қалыптастыру және ортада қақтығыс пен кикілжіннің болуының алдын алу жолдарын көрсетті. Сонымен қатар, кикілжің туралы жан-жақты түсінік беру, кикілжіңді шешудің жолдарымен таныстыру, тұлғаның өзін-өзі реттеуіне мүмкін болатын қажетті жағдайды туғызуға көмектесудің тиімді жолдарына да тоқталып өтті.

«Дау-дамайдың дерті» тақырыбында семинар-тренинг барысында тұлғаның ішкі және сыртқы қарама-қарсылықтары өзара байланысты болатынын, адамның психикасы сыртқы қарама-қайшылықтарды ішкіге және керісінше көшіруге қабілетті екенін атап өтті. Дау-дамайды конструктивті шешу іскерлігін қалыптастыру, дау-дамайдың топтың және жеке жұмыстарының бағыттары негіздегі тақырыптар қарастырылды.

Дау-дамайдың туындауына ықпал етуші психологиялық жеке тұлғалық ерекшеліктерімен бөлісті. Бұл ретте ерекше айта кететін мәселе – қақтығыс (дау-жанжал) психологиясы мәселесі. Адамдардың практикасы көрсеткендей, тұлғааралық қатынастар көбінесе дау-жанжал жағдайында өтеді, ол адамзат қарым-қатынасының ажырамас бөлігі болып табылады да, адам қанша уақыт өмір сүріп тұрса, сонша уақыт ол да бар болып отырады. Тренингте кәсіби маман психологиялық әдіс-тәсілдері арқылы студенттермен тығыз қарым-қатынас орнатып, нәтижесінде жастар өз ойын ортаға салып, қатарластарымен ашық диалог құрды. Аталмыш шара – білімгерлердің жеке тұлға болып қалыптасуында маңызды рөл атқаратынын ескерсек, осындай тренингтерді жиі ұйымдастыру арқылы оларды қиындықты оңай еңсеруге, жүрекке жүк артпауға, әр істе оңды шешім қабылдауға үйретуге болады. Тренинг барысында студенттермен белсенді жұмыстар жүргізіліп, түрлі тапсырмалар орындалды.

Әлеуметтік мәселелерді психологиялық

және дефектологиялық зерттеу орталығы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: