Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Толыбай Абылаев: «Өлең жолына көп нәрсені құрбан еттім»

21.11.2020, 10:00 2090

HALYQLINE.KZ 

– “Ерке  жыр-өлеңнің  жолына, Еттім мен ҚазМУ-ды  құрбандық” дейсіз. Өлең жолында  тағы  нендей  нәрселерді  құрбан еттіңіз?

– Өлең жолына көп нәрсені құрбан еттім. Өзіңнің ең жақсы көретін адамдарыңнан, жақын достарыңнан айырылып қаласың. “Ақынға адамзатта дос болмайды” деген сөз бар. Ақын өзі жалғ­ызды­қтың  адамы  ғой. Дос боласың, досың болады, бірақ сенің жан жүрегіңді түсінбейді. Қанша жерден мықты досың болса да, тіпті жаныңда жатқан жарың да түсінбейді. Сондықтан, ақынның тағдыр­ы туралы айту қиын.

Ал, енді нақты сұраққа тоқталатын болсақ, мен 1969 жылы мектеп бітіргеннен кейін ҚазМУ-дың журналистикасына түсе алмай қалдым. Шет тілдері деген оқытылады екен. Бізде ауылдық жерде ол қайдан болсын? Құжаттарым дұрыс  болмай, екінші жылы тағы да түсе алмай, әскерге кеттім. Келгеннен кейін қайта тапсырдым, болмады. Ол кезде газеттерде жұмыс істеп жүрдім. Тағы да тапсырып көрдім. Маған бұйырмай тұрған  шығар деп ойладым да, осы жолы қоя  қойдым.

Сұхбат «Халық» газетінің мұрағатынан алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: