Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылордада ірі мұнай компаниясына айыппұл салынды

29.10.2020, 9:15 564

HALYQLINE.KZ Қызылорда облысындағы ірі мұнай компаниясына 102 миллион теңге айыппұл салынды, – деп хабарлайды «Хабар 24».

Телеарна мәліметінше, бірлескен кәсіпорынға тиесілі Ақшабұлақ кен орнында экологтар азот және көміртек оксидтері қалдықтарының бірнеше есе артқанын анықтаған.

«Қолданыстағы заңнама бойынша, алауларда газды жағу экологияға айтарлықтай зиян келтіреді. Сондықтан, мұндай әрекеттерге тыйым салынады. Біздің департамент жыл сайын ірі мұнай өндіруші компанияларда профилактикалық тексерулер жүргізеді. Жалпы, жыл басынан бері өңірде осындай 52 ережебұзушылық анықталды. Табиғат пайдаланушыларынан 744 миллион теңге өндірілді», – деді облыстық экология департаментінің бөлім басшысы Толыбек Әбдіхалықов.

Фото: Тұрар Қазанғапов

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: